Сенімділік
Букмекерлік кеңсенің жалпы бағасы оның сенімділік деңгейінің бағасы болып саналады. Сенімділік – BetGuard рейтингісіндегі басты өлшем. Букмекерлік кеңсе (ары қарай – БК) мына жағдайларда сенімділік деңгейінде жоғары баға алады:
- БК шағымдарды қарастыру және шешу кезінде BetGuard-ты медиатор (делдал) ретінде мойындаса.
- БК BetGuard-тың барлық өлшемдеріне сай болса.
Коэффициенттер
БК айырмасының мөлшері бойынша бағаланатын өлшем. Қағидасы: айырмасы неғұрлым аз болса, БК коэффициенті соғұрлым жоғары болады – ал БК коэффициенті неғұрлым жоғары болса, бағасы да соғұрлым жоғары. Қазіргі уақытта «Коэффициенттер» өлшемінің бағасы автоматтандырылмаған және оны мамандар анықтайды, сондықтан азғантай ғана сәйкессіздік болмауы мүмкін.
Прематч-желі
БК прематч-желісінің кеңдігі мен тереңдігі бойынша бағалатын өлшем. Мұнда спорт оқиғаларының таңдау сапасы, саны және кеңдігі, спорт оқиғасы басталғанға дейінгі желінің нарықтық нұсқалығы мен нәтижесі бағаланады. Қағидасы: БК прематч-желісі қаншалықты кең, терең және нұсқалы болса, баға соншалықты жоғары саналады. Қазіргі уақытта «Прематч-желі» өлшемінің бағасы автоматтандырылмаған және оны мамандар қолмен анықтайды, сондықтан азғантай ғана дәл болмауы мүмкін.
Live-желі
БК live-желісінің кеңдігі мен тереңдігі бойынша бағалатын өлшем. Мұнда спорт оқиғаларының live-бәс режиміндегі таңдау сапасы, саны және кеңдігі, спорт оқиғасы барысындағы live-желіге бәс тігудің нарықтық нұсқалығы мен нәтижесі бағаланады. Қағидасы: БК live-желісі қаншалықты кең, терең және нұсқалы болса, баға соншалықты жоғары саналады. Қазіргі уақытта «Live -желі» өлшемінің бағасы автоматтандырылмаған және оны мамандар қолмен анықтайды, сондықтан аз ғана дәл болмауы мүмкін.
Төлем операциялары
Қаржыны құю мен шешіп алу тәсілдерінің нұсқалығы мен саны, сондай-ақ, БК-дағы төлем операциясын жүзеге асыру жылдамдығы бойынша бағаланатын өлшем. Қағидасы: БК-да төлем жүйелері және қаржыны құю мен шешіп алу бойынша Қазақстан Республикасында рұқсат етілген және танымал тәсілдер неғұрлым көп болса, баға да соғұрлым жоғары саналады.
Қолдау қызметі
БК қолдау қызметінің клиентті бағдарлау, ақ пейілділік, жылдамдық және біліктілік деңгейі бойынша бағалатын өлшем. Мұнда қолдау қызметінің арналары – call-орталық, электрондық поштасы, тірі чат қана емес, қолдау қызметінің жұмыс сапасы да бағаланады. Қағидасы: қолдау қызметінің қолжетімді арнасы неғұрлым көп болса, қолдау қызметінің жұмысы неғұрлым жылдам, білікті және сапалы болса, баға да соғұрлым жоғары саналады.
Ақпараттық технологиялар мен инновациялар
БК қызметінің технологиялық мүмкіндігі бойынша бағалатын өлшем. Қағидасы: БК өз өнімдеріне пайдаланатын технологиялар қолданушылар үшін неғұрлым қолайлы және заманауи болса, бағасы да соғұрлым жоғары саналады.
Бонустар мен акциялар
БК бонустары мен акцияларының тұрақтылығы, алуандығы, саны мен сапасы бойынша бағаланатын өлшем. Әр акция мен әр бонус бөлек бағаланады. Қағидасы: акциялар мен бонустан неғұрлым тұрақты, алуан және бағдарлы болса, баға да соғұрлым жоғары саналады.