Негізгі құжат (ары қарай – BetGuard өлшемі) BetGuard жасаған букмекерлік кеңселер рейтингісі қандай өлшемдер бойынша құрылғанын және қалай жұмыс істейтінін анықтайды. BetGuard өлшемдерінде жоғары бағаға үміткер букмекерлік кеңселерге қойылатын талаптар, сонымен қатар, ойыншылармен байланыс кезінде туындайтын даулы және түрлі сұрақтарды шешу үшін букмекерлік кеңселерге ұсыныстар жазылған.
BetGuard өлшемдері жалпыға ортақ құжат саналады және кез келген адамда онымен танысуға мүмкіндік бар.
BetGuard өлшемдері бекітілгеннен кейін және оны жаңа нұсқаға ауыстырғанша барлық уақытта жарамды.
BetGuard өлшемдері өзгеруі және толығуы мүмкін. Ниет білдірген кез келген адамға маңызды BetGuard өлшемдерімен танысу үшін бұл парақшаны уақыт өте келе тексеріп тұру ұсынылады.
BetGuard-ты ойыншылар мен букмекерлік кеңсе арасындағы дауды шешу үшін медиатор (делдал) ретінде мойындау.
Букмекерлік кеңсе (алда – БК) мына жағдайларда BetGuard рейтингісінде жоғары бағаға үміткер болады:
- БК ойыншылардың шағымын қарау және шешу кезінде BetGuard-ты медиатор (делдал) ретінде мойындаса.
- БК ойыншылардың шағымы кезінде BetGuard-тың хабарламасына уақытылы жауап берсе.
- БК шағымдарды негізгі құжатта жазылған ұсыныстарға сай шешсе.
- БК негізгі құжатта жазылған барлық талаптарға сай болып, ұсыныстарды орындаса.
- Ойыншылардың шағымдарын әділ шешу үшін құпиялық саясат бойынша қарастырылған ақпарат қажет болып, БК оны BetGuard-қа ұсынса.
Ойыншыларға қойылатын шектеулер мен санкциялар
Есепшотты қысқарту (барлық немесе кейбір спорт оқиғаларына бәс тігу үшін максимумды азайту)
Егер бұл шектеулер БК желілерінде «вилкашылардан», «дәліздер» мен басқа да алып-сатарлық немесе алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін қойылса, BetGuard бұл шектеулерді рейтингіні құру кезінде есептемейді.
Ал егер бұл шектеулер табысты ойыншыларға – плюстегі аккаунттарға қойылатын болса және БК шектеу қойылғанға дейін болған ойын есепшотындағы қаржыны тәркілемесе, ойын есепшотында қаржы болып, оның айналымы бойынша барлық талаптарды өз мойнынан алып тастаса, сондай-ақ, ойыншының алғашқы талабынан кейін-ақ ойын есепшотындағы қаржыны шешіп берсе, BetGuard БК шолуында табысты ойыншыларға санкция қолданатыны туралы ақпаратты қосуға құқылы, бірақ бұл БК-нің бағасын төмендетуге әсер етпейді.
Ал егер бұл шектеулер табысты ойыншыларға – плюстегі аккаунттарға қойылатын болса, бірақ БК ойын есепшотын бұғаттап тастап, шектеу қойылғанға дейін болған ойын есепшотындағы қаржыны тәркілесе, ойын есепшотында қаржы болып, оның айналымы бойынша барлық талаптарды күшінде қалдырса, сондай-ақ, ойыншының алғашқы талабынан кейін-ақ ойын есепшотындағы қаржыны шешіп беруден бас тартса, BetGuard БК-нің мұндай әрекеттерін ұсынысты орындамау деп есептейді және рейтингіде БК-нің бағасын азайтып тастауға құқылы.
Коэффициенттерді қысқарту (жеке бір ойыншы үшін коэффициенттерді азайту)
Есепшотты қысқарту (барлық немесе кейбір спорт оқиғаларына бәс тігу үшін максимумды азайту)
Егер бұл шектеулер БК желілерінде «вилкашылардан», «дәліздер» мен басқа да алып-сатарлық немесе алаяқтық әрекеттерден қорғану үшін қойылса, BetGuard бұл шектеулерді рейтингіні құру кезінде есептемейді.
Ал егер бұл шектеулер табысты ойыншыларға – плюстегі аккаунттарға қойылатын болса және БК шектеу қойылғанға дейін болған ойын есепшотындағы қаржыны тәркілемесе, ойын есепшотында қаржы болып, оның айналымы бойынша барлық талаптарды өз мойнынан алып тастаса, сондай-ақ, ойыншының алғашқы талабынан кейін-ақ ойын есепшотындағы қаржыны шешіп берсе, BetGuard БК шолуында табысты ойыншыларға санкция қолданатыны туралы ақпаратты қосуға құқылы, бірақ бұл БК-нің бағасын төмендетуге әсер етпейді.
Ал егер бұл шектеулер табысты ойыншыларға – плюстегі аккаунттарға қойылатын болса, бірақ БК ойын есепшотын бұғаттап тастап, шектеу қойылғанға дейін болған ойын есепшотындағы қаржыны тәркілесе, ойын есепшотында қаржы болып, оның айналымы бойынша барлық талаптарды күшінде қалдырса, сондай-ақ, ойыншының алғашқы талабынан кейін-ақ ойын есепшотындағы қаржыны шешіп беруден бас тартса, BetGuard БК-нің мұндай әрекеттерін ұсынысты орындамау деп есептейді және рейтингіде БК-нің бағасын азайтып тастауға құқылы.
Ойын есепшотын бұғаттау, ойын есепшотындағы ұтыс пен қаржыны тәркілеу
BetGuard мынадай жағдайларда ойыншыларға санкция жариялап, ойын есепшотын бұғаттауы мен ойын есепшотындағы ұтыс пен қаржыны тәркілеуді дәйекті деп есептейді:
- Ойыншы алаяқтықпен ұсталса: ойыншының әдейі жасанды құжаттар көрсетуі, ойыншының кредиттік карта мен басқа да төлем жүйелері арқылы заңға қайшы әрекет етуі, ойыншының ресми тіркелген келісілген матчтарға бәс тігуі, ойыншының дәйекті және дәлелді мультиаккаунтинг қолдануы, дәлірек айтқанда, ойын есепшотын толтыру тәсілі, IP мекен-жайының сәйкестігі.
- Ойыншы жеке тұлға екенін тексеру рәсімінен бас тартса.
Ойыншының есепшотына баланс құю және төлемдер
Ойыншыларға төлем көлемі мен талабы
- Төлемнің максималды көлемі, сондай-ақ, ойыншыға төлемді жүзеге асыру талаптары, оның мерзімі, төлемнің негізі мен тәсілдері БК ережелерінде жазылуы керек, сонымен қатар, БК ережелеріне және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай орындалуы қажет.
- Ойыншының қаржыны шешіп алу кезінде көрсеткен сомасы ойыншының алғашқы талабынан кейін-ақ БК-дағы ойын есепшотынан ойыншының есепшотына ауыстырылу қажет. Ойыншының қаржыны шешіп алу кезінде көрсеткен сомасын бөліп төлеуге болмайды және BetGuard оны ұсыныс ережесін сақтамау деп қарастырады.
- Егер ойыншының БК-дағы ойын есепшотынан қаржыны шешіп алуға таңдаған тәсілінде бір транзакция көлеміне шектеу қойылса, ойыншының қаржыны шешіп алу кезінде көрсеткен сомасын бөліп төлеуге болады және оны BetGuard ұсыныс ережесін сақтамау деп қарастырмайды.
- БК кассаларынан қолма-қол төлем ойыншы қаржыны шешіп алуға сұраным тастаған уақыттан бастап 3 (үш) күнтізбелік күннен асырмай берілуі қажет.
- Банкілік есепшотқа және кредиттік картаға төлем ойыншы қаржыны шешіп алуға сұраным тастаған уақыттан бастап 5 (бес) жұмыс (банкілік) күнінен аспай ауыстырылу керек.
- Төлем жүйелеріне қаржы аудару уақыты ойыншы қаржыны шешіп алуға сұраным жіберген сәттен бастап 2 (екі) күннен аспауы қажет.
- БК төлем мерзімін бұзса, БК ережелерінде максималды төлем көлемі, ойыншыға төлемді жүзеге асырудың түсінікті және ашық талаптары, төлемнің мерзімі, негізі және тәсілдері болмаса, оны BetGuard ұсыныстар ережесін бұзу деп қарастырады.
- БК-ға байланысты емес себептер болған жағдайда, мысалы, заң бойынша БК ойын есепшотын немесе ойыншының әрекеттерін қылмыстық, қаржылық лаңкестік жолмен алған табысын заңдастыруға (ізін жасыру) қарсы әрекет аясындағы заңнама бойынша тексеруге міндеттелсе немесе сол секілді дәйекті себеп бойынша ойыншыға төлем мерзімі бұзылса, BetGuard оны ұсыныстар ережесін бұзу деп қарастырмайды. Төлем мерзімі бұзылған әр жағдайда BetGuard БК тарапынан дәйексіз не дәйекті кешіктірілгенін тексереді. Төлем мерзімін бұзу кезінде жүйелік себеп болмауы қажет.
Ойыншының есепшотына баланс құю және төлемдер
Ойыншыларға төлем көлемі мен талабы
- Бәсті есептеу ресми нәтижелер негізінде жүзеге асыуы тиіс, бұл нәтижелерді спорт сайыстарын ұйымдастырушылардың ресми сайттары, сондай-ақ, спорт федерацияларының ресми өкілдері ұсынған тікелей дереккөздер бойынша алу қажет.
- Спорт сайыстарын ұйымдастырушылардың ресми сайттарында нәтиже жазылмаса (мысалы, спорт сайыстарын ұйымдастырушылар ақпаратты ресми сайтқа қисынды мерзімге дейін салмауы), спорт сайыстарын ұйымдастырушылар ресми сайтына салған ақпараты толық болмаған жағдайда, бәстің есебін тәуелсіз, беделді, танымал спорт мәліметтерін жеткізуші берген мәліметтер негізінде жүзеге асыру ұсынылады: Running Ball, Opta, Betradar (Sportradar), RTS (Real Time Sportscast) және т.б.
- Бәс есебінің талаптары, оның ішінде, нәтижені алу негіздері мен БК мойындайтын дереккөздер БК ережелерінде жазылуы тиіс. БК ережелерінде бәс есебі бойынша түсінікті және ашық талаптар болмаған жағдайда, BetGuard оны ұсыныс ережелерін бұзу деп қарастырады.
Бәсті болдырмау (кері қайтару)
BetGuard БК бәсті, оның ішінде ұтыс бәсін болдырмау (кері қайтару) әрекетін мына жағдайларда дәйекті деп мойындайды:
- БК «голдан кейін» бәс тігілгенін тіркесе: яғни, бәс оқиға есебі белгілі болып қойған нәтижеге қойылса, бәс уақытында жаңартылмаған коэффициентке немесе БК скауттық жүйесінің баяу жұмыс істеуіне байланысты бәс спорттық оқиға барысына сай емес коэффициентке қойылған жағдайда.
- Спорт оқиғасының форматы, команда атаулары, сайыс регламенті немесе спортшылардың аты-жөндері дұрыс көрсетілмесе.
- Бәсті болдырмау (кері қайтару) негізі мен талаптары БК ережелерінде жазылуы қажет. БК ережелерінде бәсті болдырмау (кері қайтару) бойынша түсінікті және ашық талаптар болмаған жағдайда, BetGuard оны ұсыныс ережелерін бұзу деп қарастырады.
Егер бәс жаңылыс (бейнарықтық, қате) коэффициентке қойылса, мұндай бәсті жаңылыс (бейнарықтық, қате) коэффициентке қойылған уақыттағы дұрыс (нарықтық) коэффициентпен есептеу ұсынылады.
Бәсті кері қайтару уақыты оқиға біткен соң 3 (үш) күннен кеш болмауы қажет.
BetGuard өз саясаты мен ережесін бойынша жаңылыс (бейнарықтық, қате) коэффициентке қойылған бәстердің бәрін де кері қайтару керек деп қарастыратын БК-лардың шолуына қажетті ақпаратты жазуға құқылы. Жаңылыс (бейнарықтық, қате) коэффициенттерге қойылған бәстер кері қайтарылған жағдайда БК жоғары баға ала алмайды.
Қолдау қызметі
BetGuard БК-лардың қолдау қызметтерін мына жағдайларда BetGuard талаптарына сай емес деп қарастырады:
- БК-ның қолдау қызметі біліксіздік танытып, дәйексіз және шындыққа жанаспайтын ақпарат берсе.
- БК қолдау қызметінің қызметкерлері ойыншыға тіл тигізіп, оның намысы мен абыройына нұқсан келтірсе, сондай-ақ, басқа да моральді зиян тигізіп, тұрпайы сөздер айтса.
- БК қолдау қызметі сұранысқа қатысты емес сұрақтарды қойса.
- БК ережесінде немесе БК сайтында ойыншының сұранысы бойынша БК қолдау қызметі жұмысының мерзімі туралы ақпарат болмаса.
- Ойыншының сұранысы бойынша қолдау қызметі жұмысының мерзімі сұраныс жасалғаннан соң бір күннен асып кетсе.
- БК қолдау қызметі ойыншының сұраныстарын елемесе.
- БК қолдау қызметі нақты бір оқиғаға қатысты жағдайды түсіндірмей, нақты әр оқиғаны назарына алмай, ережеде жазылған үзінділермен ғана жауап берсе.
БК қызметінің легитимділігі
БК мына жағдайларда BetGuard рейтингісінде жоғары ұпайға үміттене алады:
- БК өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай атқарса.
- БК-да букмекерлік қызметті атқару үшін Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің лицензиясы болса.
БК бағасын өзгерту
- Ашық шағымдар болмаған жағдайда ғана баға жоғарылауы мүмкін.
- Кез келген БК негізгі құжатта көрсетілген талаптар мен ұсыныстарды орындау арқылы өз бағасын көтере алады.
- Егер дәйекті шағымдардың тым болмаса біреуі ақылға қонымды мерзімде қанағаттандырылмаса немесе егер БК өрескел қате жіберсе, яғни, ойын есепшотындағы қаржы дәйексіз тәркіленген, ойын есепшоты дәйексіз бұғатталған және төлем ұзақ уақыт бойы кешіктірілген жағдайда кез келген БК-ның бағасы төмендеуі мүмкін.
Қорытынды қағида
Негізгі құжат жарияланған және негізгі құжатқа өзгерістер енгізілген күннен бастап күшіне енеді.